Қазақстанда тағы бірнеше әуежай жеке меншікке өтеді

Қазақстан билігі бірнеше қаланың әуежайларын жекенің қолына бермекші. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Министр ел әуежайларында мультимодальды орталықтарды құру мақсатында қажетті құзыреттері мен капиталы бар жеке инвесторларды тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын осы салада тәжірибесі бар ірі әлемдік инвесторлардың сенімгерлік басқаруына беру бойынша келіссөздер жүргізілуде", - деді Қарабаев үкімет отырысында.

Министр нақты инвесторларды атамады. Сонымен қатар, инвестор Қарағанды ​​әуежайындағы ұшу-қону жолағын жаңғыртуды және оны қажетті арнайы техникамен жабдықтауды жоспарлап отырғанын қосты.

"Оның аясында Астана, Алматы және Шымкент әуежайларына инвесторларды тарта отырып, ұшу-қону жолақтарын, жанармай құю кешендерін қайта жаңарту, жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда", - деді Марат Қарабаев.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!