"Романтикалық саяхат" деген тіркесті кез келген адам өз бетінше түсінеді. Біреулер үшін жай ғана бос әурешіліктен және күнделікті өмірден қашып, екінші жартысымен жалғыз уақыт өткізуге жеткілікті болады. Ал басқалары үшін бұл тек теңіз жағалауындағы luxury-демалыс, біреу екі адамға арналған табиғаттағы экстремалды белсенділікті ең романтикалық саяхат деп санайды. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Қазақстанда кез келген талғамға романтикалық саяхат жасау үшін орындар топтамасын дайындады.
Қазақстанның географиялық орналасуы мен климаттық ерекшеліктеріне байланысты мұндай демалыс әртүрлі болуы мүмкін және туристердің романтикалық саяхатқа арналған бағытты өз қалауынша таңдау мүмкіндігі бар.
Ең қарапайым романтикалық саяхат - бұл бірнеше футуристік Нұр-Сұлтан немесе шынайы Алматыға бару. Екі қалада да әртүрлі романтикалық орындар мен локациялардың көптігіне қарай қолайлы қонақүй таңдауға болады. Мұнда айтылғандай, кез келген талғам мен әмиян үшін: сүйіспеншілікке толы жұптарға арналған орындар бар. Ыңғайлы төсекорындарымен бөлмелер бар, бассейн мен спа бар, керемет банкет бөлмелері бар, сонымен қатар талғампаз мүсіндік композициялар мен аула ішіндегі субұрқақтарды таба аласыз.
© Shutterstock
Жас елорда әуесқойларды сол жағалауда ерекше ғимараттарымен, ұзақ серуендеуімен қуантады. Нұржол желекжолында серуендеп, туристер әйгілі "Бәйтерек" пен "Хан Шатыр" сауда орталығын аралай алады.
Астанадағы жұптардың ең сүйікті орындарының бірі "Ғашықтар саябағы" болды.
"Атамекен" этномемориалдық кешені бір сағаттың ішінде Қазақстан бойынша виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік береді.
"Нұр Әлем" павильоны, @nbvision
Әрине, EXPO аумағына бару керек. Мұнда, әрине, сіз болашаққа тап болғандай сезінесіз. Заманауи айна қасбеттері романтикалық серуен мен кездесу үшін ерекше орын жасайды. Орталық нысан - "Нұр Әлем" павильоны. Бұл диаметрі 80 метр болатын керемет шар түріндегі іргелі құрылым. Түнде ол жарқырайды және жақын маңдағы барлық аумақ жарықтандырылады.
EXPO, фото @instagram.com/dmitrylee_art
EXPO аумағында ерекше инсталляциялар, кең жолдар мен кофеханалар көп.
Романтикалық саяхатқа арналған бағыт аясында Алматы туралы айта отырып, әрине, жасыл желегі бар қаланың өзі де ұзақ жаяу серуенге шығаратынын атап өткен жөн. Тұңғыш Президент саябағы, Панфилов көшесі, "Медеу" мұз айдыны, "Көк Төбе" саябағы, көк жайлаудағы әткеншек, Орталық мәдениет және демалыс саябағы - ғашықтарға ұнайтын жерлердің тізімі осылай жалғаса береді. Мәдени астанада махаббат символикасы бар романтикалық орындар аз емес. Мысалы, Горький саябағында "Су пері" субұрқағы, Чайковский көшесіндегі Махаббат аллеясында ғашықтарға арналған ескерткіш орналасқан, ал "Алмалы" және "Жібек Жолы" метро станцияларының арасында соғылған гүлдер мен өсімдік өрнектері бар көпірді табуға болады. Онда жас жұбайлар құлыптар іліп қояды.
Фото Дарья Ахметова
Бірақ Қазақстанда ғашықтармен байланысты және жыл сайын романтикалық саяхаттар үшін туристерді тартатын басқа да орындар бар.
Жұмбақтас жартасы
Жұмбақтас жартасы Ақмола облысының Бурабай ауылында орналасқан. Егер сіз оған бір жағынан қарасаңыз, онда сіз шашын жел желпіген аруды, ал екінші жағынан қайықты көре аласыз. Аңыз жартаспен байланысты, сондықтан ғашықтар осында келеді.
Аңыз бойынша байдың қызы кедей ақынмен бірге қашып кеткен. Олар жасырына алмайды. Қыздың ағалары тауып, жігітті өлтіреді. Қыз қатты қайғырып, өзін тасқа айналуын тілейді. Оның тілегі орындалды және ол табиғатпен көлдің тыныш бетінде тас мүсін түрінде біріктіріледі.
Мұнда ғашықтарды тек аңыз ғана емес, сонымен қатар осы жердің әсемдігі де қызықтырады. Таза ауа, бай өсімдіктер, көлдердегі тұнық су және инфрақұрылым романтикалық саяхат үшін тамаша таңдау етеді.
© Shutterstock
Зеренді
Ақмола облысында романтикалық саяхат үшін тағы бір қызықты орын - Зеренді көлі орналасқан. Онымен байланысты да ежелгі аңыз бар, бірақ бұл жолы бақытты аяқталады.
Бір кездері екі қуатты бай өмір сүрді. Олардың бірі ұлын, екіншісі қызын өсірді. "Қыз айттыру" дәстүрі бойынша олар балаларын өскенде үйлендіргісі келеді. Жұт кезінде жас жігіттің әкесі жоғалған байлыққа қайғырып, барлық малын жоғалтады. Көп ұзамай қайтыс болады. Оның досы ұлын тәрбиеге алады. Жастар өсіп, бір-біріне шын жүректен ғашық болады. Бірақ қыздың әкесі бай болғысы келіп, уәдесін бұзып, қызын басқа байға үйлендіреді. Ғашықтар қашуға шешім қабылдады, бірақ сәтсіз болды, Оларға байдың қызметшілері жақын келгенде, қыз дұға етеді. Ал құдайлар оның жылағанын естігенде, оған қолындағы алтын білезігін артына лақтыруын бұйырады. Білезік түскен жерде үлкен көл - Зеренді ("зерен" сөзінен - "білезік") пайда болды. Сөйтіп көл байдың қызметшілері мен жұптың арасын екіге бөледі ді, ғашықтар қашып кетеді.
Фото: tr-kazakhstan.kz
Шайтанкөл
Қарағанды облысында Қарқаралы маңында Шайтанкөл көлі бар. Әдемі аңызы бар көл ғашықтарды романтикалық сапардың орны ретінде тартады.
Баяғыда кедейдің ұлы Алтай мен Қаратай байдың қызы Алтыншаш бір-біріне ғашық болған. Бай олардың махабаттына қарсы болды, ол қызына басқа жігітті - Арыстан хандарының ұрпағын табады. Ол тіпті үйлену күнін белгілейді.
Су перісі жастарға көмекке келеді. Ғашықтар көл жағасында күннің батуын тамашалап отырғанда бір қыз пайда болып, Қаратайдың жоспарын айтып береді және оларды құтқаруға уәде береді. Ол үшін жастар қауіп төнген жағдайда суға секіріп, су асты әлемінде баспана табуы керек еді.
Алтай мен Алтыншаш қашып кетуді шешті, ал бай оларға жігіттерді жіберді. Қуғыншылар енді жете бергенде құп суға секіреді.
Қаратай ғашықтардың денелері шыққанша жағада үш тәулік күтеді. Төртінші күні, жағаға келгенде, үмітсіз әкесі судан: "Қайғырмаңыз, әке, мен мұнда Алтаймен бақыттымын", - дегенді естиді.
© Wikipedia
Махаббат аралы
Павлодар облысының Баянауыл ауданында Жасыбай көлінің ортасында Махаббат аралы бар. Ғашықтар оны қол мен жүректі ұсынатын тамаша орын деп санайды және тек осы су серуені мен аралда жалғыз уақыт өткізу үшін Ұлттық саябаққа барады. Сүйіспеншілігінің белгісі ретінде ғашық жұптар ағашқа лента байлайды.
Махаббат аралы баяғыда Баян Сұлу мен оның сүйіктісі Қозы Көрпеш туралы аңыздарға толы болған. Олардың махаббаты туралы аңыз - халық арасында ең танымал аңыздардың бірі.
© Shutterstock
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу кесенесі
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат хикаясын Абад облысының Аягөз ауданында орналасқан қабір тастары да сақтайды. Биіктігі 11,65 метр зәулім мазарды V-VII ғасырларда Тайлақ би тұрғызған.
Мазар жалпақ тастан тұрғызылған және төрт қыры бар. Жоғарыдан ғимарат тарылып, дөңгелек аяқталады. Ішінде екі құлпытас орнатылған - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу. Кесене бірнеше рет қайта құрылды, яғни ол өзгертілді. 1856 жылы қазақтың белгілі зерттеушісі Шоқан Уәлиханов оның суретін салған. Оның суреттерінде кесененің жанында тұрған, қазір жоқ тас мүсіндер де бейнеленген. Фигуралар Қозы Көрпеш, Баян Сұлу және оның екі сіңлісін бейнелеген деп саналады.
Кесененің өзгеруіне қарамастан, махаббаты ғасырлар бойы өмір сүрген адамдарды еске алу үшін, бүкіл елден ғашықтар романтикалық сапар үшін осында ағылып келеді.
@instagram.com/zykyyabainazarova/
Айша бибі кесенесі
Аңыз бойынша, шейх Айқожа өзінің шәкірті, белгілі ғалым және ақын Хакім Сүлейман Бақырғанидің қызы - Айшамен бірге Ташкент қаласының маңында XI - XII ғасырларда өмір сүрген. Қарахан мемлекетінің билеушісі Қарахан қыздың қолын сұрайды, бірақ тәлімгер оның өтінішін қабылдамайды, өйткені олар ата жау болады. Айша бәрібір Қараханға келеді, бірақ жаулары оның бас киіміне улы жылан қояды. Қыз жолда қайтыс болады. Ал Қарахан қалыңдықтың денесін моллаға жақын ауылға апарып, оны мәңгі сүюге ант береді. Ол Айша бибі басқа өмірде онымен бірге болады деп үміттеніп, оған деген сүйіспеншіліктің белгісі ретінде кесене тұрғызады. Батыр қайтыс болғанға дейін ақ киім киіп, Айша бибінің қабірін күзеткен.
Кесене Тараздан 18 шақырым жерде орналасқан және Орталық Азияның ою-өрнек қазынасының мұражай-қоймасы болып саналады. Ұзындығы 3,4 метр болатын жаппай бағандар әдемі өрнектермен және араб тоқуымен безендірілген. "Күз ... бұлттар ... жер әдемі", - деп олардың біріне ойылған.
© kazakhstan.travel
Еңлік-Кебек кесенесі
Еңлік пен Кебектің махаббат хикаясын Мұхтар Әуезов баяндап берді. Кесене оның "Абай жолы" романында сипатталады, ал өмірлік драмасы 1917 жылдан бері қазақстандық драма және опера театрларының сахнасында тұрақты қойылып келе жатқан "Еңлік-Кебек" трагедиясының негізіне айналды. Кесененің өзін "Махаббат мұнарасы" деп жиі атайды және оған ғашықтар жиі келіп, Қазақстанның шығысы бойынша романтикалық саяхатқа аттанады.
Кесене Кебек пен Еңлік қабірінің үстіне тұрғызылған. Жастардың махаббатына екі рудың тартысы кедергі келтіреді. Кеңгірбай би олардың жіпке байлап, атпен сүйреуге бұйрық береді. Олардың төрт айлық баласы қалады.
© Wikipedia
Ал сіз Қазақстанда романтикалық саяхат жасау үшін қандай орындарды білесіз?
Сіз саяхатыңызды Aviata.kz-пен жоспарлай аласыз. Бұл - әлемнің кез келген нүктесінен үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, түрлі бағытта т/ж және әуе билеттерін жылдам табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Авиа және т/ж билеттерін сатып алу үшін "Авиата" қосымшасын сілтеме арқылы орнатуға болады.