Теміржол билеттерінің қымбаттауын Маңғыстау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары сезді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі EnergyProm сайтына сілтеме жасап.
Биыл қазан айында Қазақстанда пойызбен жолаушыларды тасымалдау қызметі бір жылда 7,9 пайызға өскен. Қала маңына жүретін пойыздар 8,8 пайызға, пойыздың плацкарт вагондарында республикаішілік қатынау - 8,6 пайызға, ал купе - 8,9 пайызға өскен.
Фото: EnergyProm
Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының тұрғындары қымбатшылықты айтарлықтай сезді: бірден 35,5 пайызға өскен. Антилидерлер қатарында Алматы (22 пайыз) және Солтүстік Қазақстан облыстары (20,2 пайыз) бар.
Қымбаттаудың ең төменгі көрсеткіші Абай облысында тіркелген: небары 0,5 пайыз. Тағы алты аймақта билет құны тіпті төмендеген. Мысалы Жетісу облысында билет құны 10,4 пайызға төмендеген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!