Менің елім 14 мамыр 2024 10:19

Қазақстанда пойыз билетін екі ай бұрын сатып алуға бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ Фото: ҚТЖ

Алда жазғы демалыс келе жатыр. Сондықтан көптеген қазақстандық саяхатын алдын ала жоспарлайды. Дегенмен, қазіргі уақытта пойыз билеттерін кетуге 45 күн қалғанда ғана сатып алуға болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Пойыз билеттерін екі ай бұрын сатып алуға бола ма? Баспасөз қызметі төмендегідей жауап берді.

"Уәкілетті орган бекіткен еліміздегі теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жолаушылар пойыздарына билеттерді пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күннен 1 тәулікке дейін, қала маңындағы поездарға – 10-нан 1 тәулікке дейін сатып алуға болады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осылайша, билеттерді кем дегенде екі ай бұрын сатып алу мүмкіндігін арттыру әлі жоспарда жоқ.

Сонымен қатар, компания билет жоқ болса, bilet.railways.kz сайтындағы жеке кабинетіңіздегі "Күту парағы" функциясын пайдалануға болатынын еске салды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!