Қазақстанда осы қыста баруға тұрарлық 5 жер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алда ұзақ демалыс күндері бар - қысқа сапарға шығудың тамаша мүмкіндігі. Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда 2024 жылдың басында баруға ұсынылатын бес орынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алда ұзақ демалыс күндері бар - қысқа сапарға шығудың тамаша мүмкіндігі. Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда 2024 жылдың басында баруға ұсынылатын бес орынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Астана

Туризм министрлігі елордада ересектерді де, балаларды да қызықтыратын көптеген шара бар екенін еске салады. Мысалы, "Бәйтерекке", Ұлттық музейге және "Нұр Әлем" болашақ энергиясы музейіне бару ұсынылады.

"Ұлттық музей келушілерді ел тарихына терең бойлауға, мемлекеттің құрылуы туралы білуге ​​және бірегей жәдігерлерді көруге шақырады. "Нұр Әлем" Болашақ энергиясы музейі: "ЭКСПО-2017" мұрасы – диаметрі 80 метр шар тәрізді ғимарат. Онда энергияның әртүрлі түрлеріне арналған: күннен бастап кинетикаға дейін көрмелер ұсынылған", - делінген ведомствоның редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Баруға ұсынылатын тағы бір орын – "Хан Шатыр»" сауда ойын-сауық орталығы, мұнда "ойын-сауық көп, оның ішінде шағын гольф пен құмды жағажай бар". сСонымен бірге, Туризм министрлігі отбасымен коньки тебуге болатын қаладағы мұз айдындарын еске салады.

Алматы

Министрлік қаланың басқалармен қатар әдемі тауларымен және қысқы демалыс орындарымен танымал екенін атап өтті. Биік таудағы "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына бару ұсынылады.

Министрлік баруға кеңес беретін тағы бір тау шаңғысы курорты – Ақ бұлақ. Ведомствоның мәліметінше, бұл Алматы маңындағы тау шаңғысы курорты бойынша екінші орында.

Сондай-ақ, Туризм министрлігі "Ой-Қарағай – Орман ертегісі" (Oi-Qaragai) курортына және "Көк төбеге" баруды ұсынады.

Сонымен қатар, Туризм министрлігі қаланың мұражайларына баруға және мегаполис саябақтарында серуендеуге кеңес берді.

Бурабай

Бурабайда шаңғы трассалары мен қарда жүруді қоса алғанда, түрлі ойын-сауық түрлерін ұсынатын көптеген демалыс орындары бар, деп атап өтті Туризм министрлігі.

"Сонымен қатар, Бурабайда "Бурабай" ұлттық табиғи паркінің туристер орталығында орналасқан Табиғат музейі жұмыс істейді. Мекеме жергілікті флора мен фаунаны білуге ​​мүмкіндік береді", - деп атап өтті мекемеден.

Түркістан

Бай тарихы мен мәдени мұрасы бар қала - бұл отбасылық саяхат үшін тамаша таңдау, деп хабарлайды Туризм министрлігі.

"Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты жерлерді аралауға болады. Сонымен қатар, Түркістаннан алыс емес жерде Арыстан баб кесенесі мен Отырар ашық аспан астындағы музей бар", - деп атап өтті ведомствода.

Шығыс Қазақстан облысы

Өңірде тау шаңғысы курорттарына бару және қарда жүрумен қатар, Катонқарағай ұлттық саябағына да барған жөн.

"Бұл қысқы отбасылық саяхаттың ең жарқын әсерлерінің бірі болмақ. Катонқарағай ұлттық саябағында табиғи сұлулықтан басқа көптеген тарихи-мәдени орындар, санаторийлер, демалыс үйлері мен пантотерапиялық емханалар бар", - деп атап өтті департаменттегілер.

Өңірде тау шаңғысы курорттарына бару және қарда жүрумен қатар, Катонқарағай ұлттық саябағына да барған жөн.

"Бұл қысқы отбасылық саяхаттың ең жарқын әсерлерінің бірі болмақ. Катонқарағай ұлттық саябағында табиғи сұлулықтан басқа көптеген тарихи-мәдени орындар, санаторийлер, демалыс үйлері мен пантотерапиялық емханалар бар", - деп атап өтті ведомстводан.

Фото: редакцияның мұрағатынан көрнекі суреттер

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная