Қазақстанда қонақүй "жұлдыздарына" қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстан қонақүйлердің жұлдызды рейтингін анықтау критерийлерін жаңарту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан қонақүйлердің жұлдызды рейтингін анықтау критерийлерін жаңарту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия Даму Банкінің консультанттары "Алматы-Бішкек экономикалық дәлізін қолдау мақсатында Қазақстан мен Қырғыз Республикасы үшін орналастыру орындарын жіктеудің ұсынылып отырған бірлескен жүйесінің" қорытынды есебін таныстырды.

Орналастыру орындарын жіктеудің қолданыстағы жүйесі ерікті болып табылады және 2008 жылы бекітілген ережелерге сәйкес реттеледі. Онда қонақүйлерге қойылатын минималды талаптар анықталған, алайда мотель, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері және пансионаттар сияқты басқа орналастыру түрлеріне қатысты ережелер қарастырылмаған.

"Кездесу барысында сарапшылар, туристік сектор өкілдері қонақ үй секторының сапа стандарттарын арттыру және келушілердің қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында қолданыстағы жүйені жаңарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 2294 қонақүйдің тек 131-і ғана жұлдыздық санатына ие екендігі атап өтілді. Бұл ретте жұлдызды рейтингі бар қонақ үйлердің саны мен үлесінің төмендеуі байқалады", - делінген хабарламада.

Орналастыру орындарын жіктеудің жаңа жүйесінде әлемдік трендтерді ескере отырып, қонақ үйлерге жұлдыз санатын тағайындаудың жаңартылған критерийлері, сондай-ақ басқа орналастыру орындарына жіктеуді енгізу ұсынылады. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның рөлі мен құзыреттілігін күшейту мақсатында бағалау процесін бақылап, жүргізетін бірыңғай Ұлттық үйлестірушіні құру көзделген.

Сонымен қатар, бизнестің ресми жіктеуге қатысуын ынталандыру үшін Азия Даму Банкі консультанттары ынталандыру жүйесін ұсынады. Мысалы жеңілдетілген пайыздық несиелер, алғашқы 2-3 жылда жіктеуге қажет алымды 100 пайызға дейін өтеу, жарнама шығындарын ішінара қайтару қарастырылмақ.

Кездесу барысында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев қонақ үй бизнесі индустриясында орналастыру орындарын жіктеуге (жұлдыз санатын беру) бағытталған стандарттарды енгізу және өзектендіру маңызды екенін атап өтті.

"Инвестиция тарту, туристік әлеуетті дамыту тұтастай алғанда экономиканы дамытуға бағытталған, сондықтан біз осы бағыттағы стандарттарды өзектендіру мен енгізуді қолдаймыз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде қонақ үй қызметтері саласы бар аккредиттеу саласындағы сәйкестікті растау жөніндегі 10 орган тіркелген. 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап 2023 жылғы 08 ақпанға дейінгі кезеңде қонақ үй саласындағы қызметтерге 61 сәйкестік сертификаты берілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная