Қазақстанда қонақүй, хостел және демалыс орындарының иелері тасбысқа кенелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қонақүйлердің, демалыс базаларының, жатақханалардың және басқа да орналастыру орындарының табысы өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық қонақүйлердің, демалыс базаларының, жатақханалардың және басқа да орналастыру орындарының табысы өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Былтыр қазақстандық қонақүйлер, демалыс базалары, жатақханалар мен басқа да қонақтарды орналастыру орындары 183 миллиард теңгеге жуық табыс тапты.

"Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 67 пайызға көп. Қонақ орналастыру бойынша ең көп табыс Алматы қаласының кәсіпкерлеріне тиесілі. 2022 жылы олар 56,2 миллиард теңгеге жуық табыс тапқан. Елордалық орналастыру орындарының табысы 35,2 миллиард теңгеге жуықтайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, көбінесе туристер Алматы, Шымкент, Астана қалаларында, сондай-ақ Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында тоқтаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная