Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстанда кейбір әуе билеттерін қайтару мүмкін еместігіне наразы болды. Қазақстанда бұл тәжірибені алып тастау ұйғарылған екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Мәжіліс отырысында депутат жақында Air Astana және Fly Arystan әуекомпанияларымен қайтару мүмкін емес әуе билеттері мәселесіне тап болғанын айтты.
"Олардың қызметі тұрғындардың наразылығын тудырып отыр, әрине, қайтарылмайтын әуе билеттері бар, оның бәрі листингке байланысты. Бүгінде олар өз мүмкіндіктерін пайдаланып, билет бағасын одан да жоғарылатуға тырысып жатқанын байқап отырмыз. Менің ойымша, басты мәселе 1929 жылғы Варшава конвенциясына негізделген ескірген құқықтық реттеу жүйесі. Мүмкін Варшава конвенциясынан Монреаль конвенциясына (1999 ж. – еск.) көшу керек шығармыз? Сондай-ақ, әуекомпания мен әуежай басшылығының мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуіміз керек", - деп ашуланды мәжілісмен.
Депутат Базарбек Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке әуекомпанияларының басшыларын мүліктік жауапкершілікке тартуға бола ма деген сауалмен жүгінді.
"Бұл өте өзекті мәселе, әрине, әуе билеттерінің қайтарылмауы заңмен қарастырылған. Мұндай қайшылық болды, бірақ ол жойылды. Екіншіден, мүліктік жауапкершілікке тарту, иә, комитетте құзыретімізді кеңейту болды, мұндай мүмкіндік қарастырылған. Енді жаңа заң жобасы аясында билеттерді 100 пайыз қайтарымсыз ету мүмкіндігін алып тастаймыз", - деді министр.
Бұл ретте көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиев бүгінде министрлік Монреаль конвенциясы аясында жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.
Иә, 2015 жылы Монреаль конвенциясын ратификацияладық, онда әуе және жолаушылар тасымалы механизмдері қарастырылған. Рейстер бойынша, рейстерді ұстау бойынша, рейстерді тоқтату бойынша оларды реттеу тетіктері бар. Бүгінде әуе рейстерін кешіктіргені үшін әуекомпанияның ғана емес, әуежайлардың да жауапкершілігі көзделеді, өйткені бұл жұмыс өзара байланысты. Заңнамаға сәйкес көмек көрсетілмеген жағдайда жауапты тұлғаларды айыппұлға тартуға болады, бұл түзетулерді Мәжіліске әкелеміз", - деп түйіндеді вице-министр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!