Жақында Алматыда және Торғай ауылында Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіштері пайда болады. Сондай-ақ, Қазақстан қалаларын көркейтетін басқа да ескерткіштер белгілі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Қостанай облысының Торғай ауылында "Алаш" партиясының қайраткерлері Ахмет Байтұрсыновқа және Міржақып Дулатовқа ескерткіштер орнатылады. Алматыда Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш және театр әртісі Жұмат Шаниннің бюсті орнатылады. Бұл туралы мәдениет министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Арнайы комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің ұсыныстарын бірауыздан қолдады.
Бұл өңірлерде Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Сайдали Нияз батыр Барқыұлына, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа, сондай-ақ түрік саясаткері және мемлекет қайраткері Аднан Меңдерске ескерткіштер орнату жоспарланған.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!