Қазақстанда жолаушылар тасымалы бойынша рекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

2022 жылы әуе жолаушылар тасымалы 15 пайызға ұлғайды және Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет 10 миллион жолаушыдан асты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда әуе көлігіндегі жолаушылар тасымалы барлық болжамдардан озып, өткен жылмен қатар пандемияға дейінгі - 2019 жылмен де тұрақты өсім көрсетуде.

Иконка комментария блок соц сети

Мәселен, 2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуекомпаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артып, 9,9 миллион жолаушыны құрады (2021 жылы - 8,6 миллион жолаушы; 2020 жылы - 5,0 миллион жолаушы).

Болжам бойынша, 2022 жылғы тасымалданған жолаушылар саны шамамен 10,8 миллионға жетеді деп күтілуде. 2021 жылғы көрсеткіштен өсім - (9,4 млн жолаушы) 15 пайыз.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет жолаушылар тасымалы 10 миллион жолаушыдан асады.
2022 жылғы қаңтар-қараша айларында отандық әуекомпаниялары ішкі бағыттар бойынша 7 млн жолаушы (2021 жылы - 6,9 миллион, 2020 жылы - 4,1 миллион), халықаралық бағыттар бойынша - 2,9 миллион жолаушы (2021 жылы - 1,7 миллион, 2020 жылы - 0,9 миллион) тасымалдады.

"Air Astana" әуекомпаниясының жолаушылар ағыны шамамен 3,7 миллион адамды, FlyArystan - 3,0 миллионға жуық, SCAT - 2,7 миллион және Qazaq Air - 0,5 миллион адамды құрады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная