Қазақстанда Жаңа жылда қосымша вагондар іске қосылады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов қазіргі жүріп жатқан пойыздарға қосымша вагондар қосылып, барлық бағытта сатылымға билеттер шығарылатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Журналистер ҚТЖ өкілдерінің кездесуі барысында жаңажылдық мереке қарсаңында темір жол билеттерінің жетіспейтіндігі туралы айтты. Олар ҚТЖ басшысынан қосымша пойыздар пайда бола ма деп сұрады.

"Қазіргі уақытта сараптама жүріп жатыр. Әзірге қосымша пойыздар туралы ақпарат жоқ, алайда қосымша вагондар барлық бағытта қосылатыны туралы айта аламын. Иә, бізде ондай бар, алайда 25 желтоқсаннан бастап қосымша вагондар пайда болады", - деді Тайжанов.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!