Қазақстанда Өзбекстанмен жаңа бағыт ашылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқаны хабарланды.
"Uzbekistan Airways" әуе компаниясы биылғы жылдың 1 маусымынан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық "Эйрбас-А320" ұшағында орындалады", - делінген хабарламада.
Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, Қазақстаннан халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567-ге жеткен. Қазақстан Республикасынан 28 елге қатынауға болады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!