Астана мен Сербия арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарда бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия президенті Александр Вучич арасындағы келіссөздерден кейін белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап
Тараптар алдағы уақытта екіжақты сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және жеткізілетін тауар түрлерін кеңейтуге ниетті екенін растады.
"Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын әртараптандыру және өзара байланысты дамыту, атап айтқанда, Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейстерін ашу маңызды екені айтылды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі хабарламасында.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!