Қазақстанда әуекомпаниялардың қоғамдық рейтингін енгізу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Сенатор Андрей Лукин әуекомпаниялардың қоғамдық рейтингін енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенатор Андрей Лукин әуекомпаниялардың қоғамдық рейтингін енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында сенатор рейстердің жүйелі түрде кешігуі мен жолаушылар құқығының бұзылуына алаңдаушылық білдірді.

"Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңға сәйкес тасымалдаушылар рейс мәртебесі өзгерген жағдайда жолаушылар алдында жауапты болады. Атап айтқанда, егер кідіріс әуекомпанияның кінәсінен болса, ол жолаушыларды төрт сағаттан артық күту кезінде ыстық тамақ және бес сағаттан артық кешігу кезінде қонақүйде орналастыру сияқты қажетті қызметтермен қамтамасыз етуге міндетті", - деп еске салды Лукин.

Алайда, тәжірибе көрсеткендей, көптеген әуекомпаниялар бұл талаптарды жүйелі түрде бұзады, дейді сенатор.

Сенатордың айтуынша, бұл мәселеге билік тарапынан назар аудару қажет, өйткені әуе қатынасының сапасының нашарлауы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына кері әсерін тигізеді.

"Кешігу кезінде қызмет көрсету стандарттарын қатаңдатуды ұсынамын. Ұшақтардың техникалық жағдайын қатаң бақылауды қамтамасыз ету. Әуекомпаниялардың уақытында жүруі бойынша жария рейтингін енгізу, бұл қызмет көрсету сапасын арттыруды ынталандырады. Жолаушылардың өтемақысын жабу үшін әуекомпанияларды рейстердің кешігуінен міндетті сақтандыру. ​Жиі кідірістерге тап болатын жолаушылар үшін адалдық бағдарламаларын әзірлеу", - деп ұсынды сенатор Лукин.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная