Қазақстаннан Ақтау - Нүкіс, Алматы - Наманган, Нүкіс - Ақтөбе - Мәскеу және Самарқан - Ақтөбе - Санкт-Петербург жаңа әуе рейстерін ашуға рұқсат етілді. Бұл туралы Қазақстан аумағында коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
7 маусымнан бастап Өзбекстанмен Ақтау - Нүкіс және Алматы - Наманган бағыттарына әр тараптан аптасына екі рейс жиілікпен тұрақты рейстер ашуға рұқсат етілді.
Халықаралық рейстерді SCAT әуекомпаниясы орындайды:
Нүкіс - Ақтөбе - Мәскеу, аптасына екі рейс;
Самарқан - Ақтөбе - Санкт-Петербург, аптасына екі рейс.
Бұған дейін SCAT әуекомпаниясы Ақтау - Үргенш рейсін іске қосқан болатын. 8 маусымнан бастап "Эйр Астана" мен Uzbekistan Airways әуекомпаниялары Алматы - Самарқанд рейсін аптасына 4 рет жиілікпен орындайды.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!