Азаматтық авиация саласы пандемиядан кейін қалпына келе бастады. Қазақстанда әуе маршруттары аптасына 490 рейс жиілігімен 28 елге 112 бағытқа дейін кеңейді. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитеті Су көлігі басқармасының басшысы Қасым Тілепов KGIR 2022-дегі "Жаңа экономика: басқа логистикалық шындыққа бейімделу" панельдік сессиясында айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі profi.travel сайтына сілтеме жасап.
Қасым Тілепов 2021 жылы Катармен Алматы - Доха бағыты, Кувейтпен Алматы - Эль-Кувейт бағыты, БАӘ-мен Алматы - Әбу Даби бағыты, Мальдивтермен Алматы - Мале бағыты, Шри-Ланкамен Алматы - Коломбо бағыттары ашылғанын атап өтті.
2022 жылы Италияға Алматы - Милан бағыты бойынша, Грекиямен Алматы - Ираклион бағыты бойынша маршруттар ашылды.
"Астана, Ақтау, Шымкент қалаларынан Анкараға, Алматы мен Астанадан Нячангқа рейстер ашылады деп күтілуде", - деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Таиландқа, Моңғолияға және Түрікменстанға әуе рейстерін қалпына келтіру, Пәкістанмен әуе қатынасын ашу, Қытаймен, Үндістанмен, Ұлыбританиямен, Сауд Арабиясымен және Өзбекстанмен әуеқатынасын ұлғайту жоспарланып отыр.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!