Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қазақстанды авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі саласындағы өңірлік көшбасшы деп атады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, авиациялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияда Талғат Ластаев еуропалық сарапшылар аудитінің жоғары нәтижелерін атап өтті. Қазақстан ұшу қауіпсіздігі саласында ИКАО стандарттарына сәйкестігін, сондай-ақ аудит нәтижелері бойынша авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жоғары көрсеткіштерді растады.
Сонымен қатар, комитет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі саласында өңірлік көшбасшы екенін айтты. Республика Орталық Азия мен Кавказдың барлық елімен серіктестікті белсенді дамытып жатыр.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!