Қазақстан мен Румыния арасындағы әуе рейстерінің саны артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Екі елдің әуекомпаниялары елдер арасында аптасына 14 рейсті (7 жолаушы және 7 жүк) әуекемесінің кез келген түрінде орындау құқығына ие болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Екі елдің әуекомпаниялары елдер арасында аптасына 14 рейсті (7 жолаушы және 7 жүк) әуекемесінің кез келген түрінде орындау құқығына ие болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен Румыния арасында тікелей тұрақты рейстерді іске қосу жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

"Сондай-ақ, "ашық аспан" режимі аясында қазақстандық тарап румын тарапына "ауа еркіндігінің" 5-ші дәрежесін пайдалана отырып, Қазақстанға ұшуды орындауды ұсынды. Осылайша, 2020 жылдың басында румыниялық Blue Air әуекомпаниясы Бухарест - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлаған. Алайда, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Бухарест – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейстің ашылуы белгісіз мерзімге ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Румыния Көлік және инфрақұрылым министрлігінің мемлекеттік хатшысы Б.Миндреску Қазақстан мен Румынияның авиациялық билік орындары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар әуе, автомобиль, теміржол және теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін талқылап, көліктің барлық түрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді, сондай-ақ қозғалған мәселелер бойынша сараптамалық жұмыс топтарын құруға келісті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная