Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы ұзын-сонар кезек пайда болды

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде адамдар мен көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін қазақстандықтар Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Жібек жолы" кеден бекетінде 2,5 сағаттай кезекте тұрғанын хабарлаған болатын. Алайда бейтаныс біреулер бұл жерден ақы төлеп, жылдам өтуді ұсынған.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының көптеп жиналғанын хабарлады.

"Бұл "Наурыз мейрамын" мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ "Қапланбек", "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!