Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігінен өтетін жаңа бағыт ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды. Бұл Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды. Бұл Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалған. Жаңа бағытпен Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швейцария), Western Global Airlines (США), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты әуекомпаниялар рейстер орындалып жатыр.

"Т916 әуе кеңістігі трассасының жалпы ұзындығы 2187 шақырым болады, оның ішінде борттар 437 шақырым Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланса, қалған 1750 шақырым Қазақстан Республикасының аумағының үстімен өтеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Т916 әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жаңа бағыты Өзбекстан Республикасының әуекомпаниялары мен аэронавигациялық провайдері – "Узаэронавигация" МУК ұсынысы бойынша ашылған. Бұл бағыт ИКАО-ның таңдаулы бағыттарының каталогына енгізілген.

"Қазаэронавигация" РМК мамандарының айтуынша, жаңа әуе дәлізі шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстан әуе кеңістігінің тартымдылығын арттырады, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан әуе қозғалысына қызмет көрсету өңірлік орталығының авиадиспетчерлеріне түсетін ауыртпалықты азайтуға көмектеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная