Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Халықаралық рейстердің санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимін іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп Salam Air әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.
Осылайша, Salam Air 2023 жылғы 1 шілдеден бастап А-320neo және А-321neo типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Оман арасында әуеқатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

Salam Air - Оманның Маскат қаласында орналасқан омандық төмен бюджеттік авиатасымалдаушы. Ұшуды 2016 жылы бастады. Әуе компаниясы әлемнің 20-ға жуық еліне (Чехия, Босния және Герцеговина, Судан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Үндістан және т.б.) 30 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды. Әуе компаниясының паркінде 11 Airbus A320neo, A321neo ұшағы бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная