Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режимге қол қойды

Қазақстан мен Қытай үкіметі өзара визасыз режим енгізу келісіміне қол қойды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз барысында 23 құжатқа қол қойылды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім де бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметі хабарлады.

Екі жақты визасыз режимді енгізу жоспары сәуір айында белгілі болды. Құжатқа сәйкес қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматтының төлқұжаты;
  • ҚР аумағына қайту туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
  • ҚХР азаматының төлқұжаты;
  • уақытша жол жүру құжаты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеру үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға дайын екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!