Қазақстан мен Кувейт арасындағы тұрақты рейстердің саны аптасына 2-ден 3 рейске дейін (сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі) артты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Jazeera Airways Кувейт әуекомпаниясы A320/A20N типті әуекемесінде Алматы - Эль-Кувейт бағыты бойынша тұрақты рейстердің санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін (сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі) арттырды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!