Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны артады

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қатар Мемлекетінің авиациялық билік президенті Мохамед Фалех Әл-Хаджри және Катар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румейхимен кездесті.

Бүгінгі таңда Qatar Airways әуекомпаниясы Доха-Алматы бағыты бойынша жиілігі аптасына 4 рет тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.

"Катар тарапының ақпараты бойынша Qatar Airways әуекомпаниясы 2023 жылғы көктем-жаз мерзімінен бастап Нұр-Сұлтан мен Доха арасында рейстер ашуды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы азаматтық авиация өкілдерін оқыту және біліктілігін арттыру туралы келісті. Осы жылғы 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтетін Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-сессиясы мәселелерін талқылады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!