Қазақстан мен Израиль арасында тікелей рейс іске қосылады

7 қыркүйектен бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Таяу шығыстағы мемлекетке Airbus 321 үлгісіндегі әуекемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен ұшатын болады.

"Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Тель-Авивке тікелей рейс жыл соңына дейін жоспарланған 9 бағыттың бірі. Мұны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеген еді. Жоспар бойынша жыл соңына дейін халықаралық бағыттар Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат және Прагаға тікелей рейстер ашу көзделген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!