Қазақстан мен Германия арасындағы рейстер саны 15-ке дейін артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

Қазақстан мен Германия арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 15-ке дейін артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Германия арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 15-ке дейін артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 15 мамырынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан - Франкфурт бағыты бойынша аптасына бес рейстен алты рейске дейін, сондай-ақ 1 маусымнан бастап А321LR әуекемесінде алты рейстен жеті рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Орал-Франкфурт бағыты бойынша жиілік өзгермейді, ұшақтар аптасына бір рет ұшатын болады.

2 маусымнан бастап Lufthansa әуекомпаниясының А330/А340 әуекемесінде Франкфурт – Нұр-Сұлтан/Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер санын аптасына 4-тен 5 рейске дейін, 4 шілдеден аптасына 7 рейске дейін ұлғайту жоспары бар.

Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ туризмнің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная