Мереке күндері мен каникул кезеңінде әуебилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, 2022 жылы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін Fly Dubai әуекомпаниясы Астана - Дубай және Алматы - Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер Б-737 типті әуекемелерінде орындалатын болады.
Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.