Халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан экологиялық көрсеткіш бойынша 180 елдің ішінде 93-ші орында, ауа сапасы бойынша 115-орында екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал ЖІӨ энергия сыйымдылығы бойынша 144 елдің ішінде 105-орында тұр, бұл ұлттық экономикалардың энергия тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші. Жыл сайын бұл деңгей төмендеп келеді.
Жасыл технологияларды дамытудың басымдықтарын дамыту мақсатында QazInnovations "GreenTec" технологиялық форсайт сессияларының сериясын бастайды.
Қызу талқылау форматында өтетін Технологиялық сессиялар тұрақты өсу мен көміртегі бейтараптығына көшудің маңызды әлеуеті бар жеті салаға - энергия тиімділігі, жасыл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, таза ауа және тұрақты жасыл кеңістіктер, жаңартылатын энергия көздері, таза көлік, қалдықтарды және су ресурстарын басқару.
Жетекші сарапшылар, ғалымдар, бизнес өкілдері, жауапты және осыған мүдделі министрліктердің өкілдері идеялармен, тәжірибемен және біліммен алмасады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!