Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білу талаптары белгіленді. Тиісті бұйрыққа ғылым және жоғары білім министрі қол қойды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білу деңгейі кемінде 36 (отыз алты) балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері кемінде 9 (тоғыз) балл, сондай-ақ Қазақстан тарихы кемінде 15 (он бес) балл болып бекітілсін", - делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!