Қазақстан AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен препаратты Қазақстанға жеткізу туралы келіссөздерді қайта бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Қазір көптеген елге туристердің кіруі сол елдерде вакцинаның мақұлдануына байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан азаматарына COVID-19-ға қарсы "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник-V"), QazCovid-In (QazVac), Hayat-Vax және "КоронаВак" - төрт түрлі вакцина салынып жатыр. Алайда, бұл препараттар Еуропалық Одақ елдерінде және АҚШ-та мақұлданбаған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19-ға қарсы вакциналарды шетелдік өндірушілермен келіссөздер жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтарды вакциналау шарттары әзірге белгісіз.
"Қазақстандықтарды Pfizer, AstraZeneca, Moderna және Johnson&Johnson препараттарымен вакциналауға бюджет қаражатын бөлу мәселесі осы вакциналарды елге жеткізу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін қаралатын болады", - деп нақтылады ведомстводағылар.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!