Қазақстан 3 елмен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pavlodarnews.kz Фото: pavlodarnews.kz

Ертеңнен бастап Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстан және Ресеймен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ертеңнен бастап Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстан және Ресеймен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады.

"Ертең, 11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады.

Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады", - делінген хабарламада.

Бірақ ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары вакцинация я ревакцинация туралы құжатын міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталатыны хабарланды.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная