Сәуірде Қазақстан мен Қытай үкіметі екі елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап жатқаны белгілі болды. Осындай келісімді Қазақстан тағы 26 елмен жүргізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және басқалары бар.
Сонымен қатар, Қазақстанға шақыру туралы талаптың күшін жою және азаматтары электронды виза рәсімдей алатын елдердің тізбесін кеңейту қарастырылады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, БАӘ азаматтары үшін визаны жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқыланып жатыр
"Шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Сол себепті біз еліміздің туристік әлеуетін толық ашу үшін жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде келуші туристер ағынын ұлғайту мақсатындағы іс-шаралар бар. Сонымен қатар, біз көші-қонды бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін тетіктерді іске асырып отырмыз. Соның бірі eQonaq ақпараттық жүйесі", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!