Қазақ жігіті қыстағы Көлсайды көрсетіп, шетелдіктерді таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Көлсайда биыл қыста түсірілген бейнероликтер жариялады. Ертегі фильміндегідей кадрлар әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, желіде қызу талқылануда, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Көлсайда биыл қыста түсірілген бейнероликтер жариялады. Ертегі фильміндегідей кадрлар әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, желіде қызу талқылануда, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

24 жастағы Ілияс Көлсай көліндегі сиқырлы сәтті камераға түсіріп үлгерді. Айтуынша, оны бірнеше күн күткен.

"Бұл көріністі Көлсай көлінде ұстау үшін мен онда бес күн тұруым керек болды, бұл өте қызықты саяхат болды. Ал соңғы күні, кетуге тура келгенде, булануды күтіп, осынау сиқырлы кадрды түсіру үшін көлге түстім", - деді Ілияс басылым тілшісімен сұхбатында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ильяс | Travel content creator (@expllored)

Бейне Instagram желісінде 389 мыңға жуық қаралым жинады, сонымен қатар бейне TikTok-та да белсенді түрде қаралып, оқырмандар пікір қалдырды.

Ілияс Есік қаласында (Алматы облысы) тұрады екен. Бірнеше күн бойы қысқы атмосфералық бейнелерді түсіру үшін Көлсайдағы қонақүйлерде түнеді. Кадр 13 желтоқсанда түсірілген.

Бір қызығы, кадрлар iPhone 12 Pro телефонында түсірілген.

"Бұл жерде ерекше құпия жоқ. Ең бастысы - сәтті түсіру. Қажетті уақытта керек жерде болыңыз. Түсірілім сапасына жарық әсер етеді, сондықтан тамаша суретке түсіру үшін телефонның соңғы үлгісін алудың қажеті жоқ", - деп қосты ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ильяс | Travel content creator (@expllored)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная