Қазақ даласында бұзылған ресейлік туристері бар автобус жөнделді - ТЖМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен Сурет ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

Қарағанды облысының Осакаров ауданында аялдама жасаған ресейлік туристері бар автобус сол күні қайта жолға шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 9 шілдеде сағат 00:00-де Оскаров ауданында Қызылорда - Павлодар автожолында жүріс бөлігінің техникалық ақаулығына байланысты Омбы-Бішкек бағыты бойынша жүретін Zhongtong маркалы автобус тоқтады.

Автобуста 34 адам болды, оның ішінде 4 бала. Жолаушылардың барлығы жол бойындағы кафенің жанында орналасқан автобуста қалды.

"Эвакуация мен медициналық көмек қажет болмады. 9 шілде сағат 15-00-де тасымалдаушы жолаушыларды орналастыру үшін және автобустың техникалық ақауын жоюды күту үшін Қарағанды қаласының вокзалына жеткізуді ұйымдастырды. 9 шілде сағат 20:00-де дәл осы автобус техникалық ақаулықты жойғаннан кейін жолаушыларды алып, маршруты бойынша жол жүріп кетті", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel