"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде туристер үшін алдағы жаңалықтар айтылды. Биыл кіру билеттерін онлайн сату, Қайыңды көліне дейін электр қуатын өткізу және жаңа камералар орнату жоспарланған. Tолығырақ Kaz.tengritravel.kz тілшісінің материалында.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, "Көлсай көлдері" билеттерді онлайн сатып алуға болатын Қазақстанның алғашқы ұлттық паркі болады.
"Қазіргі уақытта ұлттық парктің жаңа сайты жобасының техникалық тапсырмасы әзірленді, онда кіру билеттерін онлайн сатып алу бөлімі бар. 2022 жылы ұлттық парк өз қаражаты есебінен сайт әзірлеу бойынша конкурс өткізуді жоспарлап отыр. "Көлсай көлдерінің" сайты арқылы билетті онлайн сатып алу жобасы сынақтан өткізгеннен кейін осындай жұмыс қалған ұлттық парктер бойынша жүргізіледі", - делінген тілші сауалына жауапта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тағы бір жаңалық, Экология министрлігі ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Жоғарғы соты және өзге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың айыппұлдары мен қылмыстық жауапкершілігін арттыру мәселесін пысықтап жатыр.
"2021 жылғы 30 желтоқсанда Парламент Мәжілісіне заңға өзгерістерді қарастыру енгізілді және бүгінде жұмыс тобының қарауында жатыр. Заң жобалары лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың айыппұлдары мен қылмыстық жауапкершілігін арттыру арқылы жауапкершілікті күшейту бөлігінде түзетулерді көздейді", - делінген хабарламада.
Қайыңды шатқалында электр желісі жүргізілгеннен кейін камералар орнату жоспарланған. Бұзушылықтарының алдын алу және анықтау мақсатында Қайыңды көлінің аумағында үш жерде фотоқақпандар орнатылды. Сондай-ақ, бақылау камералары бақылау-өткізу пунктінде, автотұрақта, Көлсай шатқалының аумағында: қарау алаңында, адамдар отыратын жерлерде және демалыс аймағында орнатылған. Ал Көлсай көлдерінің аумағында бес фотоқақпан қойылған. Камералар арнайы жасалған тіректерге орнатылған.
"Сонымен қатар, Экология министрлігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша жол картасын бекітті. Соның аясында Саты ауылында 4,2 шақырымдық электр желілері мен Саты ауылынан Қайыңды көліне дейінгі 13 шақырымдық электр желілері қарастырылған", - делінген хабарламада.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!