Қайыңды көліне жаяу жүргіншілер жолының құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Күні кеше "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлама пайда болды.
"Алматы облысы туризм басқармасы, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, "Көлсай көлдері" МҰТП-ң бірлескен жоба аясында Қайыңды көліне баратын жаяу жүргіншілерге арналған ені 1 метр жалпы ұзындығы 450 метр болатын соқпақ салынып жатыр", - делінген хабарламада.
Пікірлер қалдырғандар бұл оқиғаны көптен күткендерін жазып, нысанның қашан пайдалануға берілетінін сұраған.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитеті мәліметінше, Қайыңды көліне жаңа жаяу жүргіншілер жолы қыркүйектің аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!