Қайыңды көліндегі вандалдар бүлдірген шыршалар қалпына келтіріледі

Қайыңды көлінде вандалдар бүлдірген шыршалар қалпына келтіріледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz  порталы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

"Жағдайды ұлттық парк әкімшілігі бақылауға алды, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайыңды көлінің бүлінген ағаштарының жағдайы және жалпы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау министрліктің тұрақты бақылауында екенін атап өткіміз келеді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, Желіде Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық саябағы жолында тұрған Қайыңды көлінің шыршаларына әлдекімдер есімін ойып жазғаны түсірілген видео тарады. Дәл осы ағаштар Қайыңдының негізгі белгісіне айналған болатын. Әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартады.

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінің әкімшілігі жағдайды реттеуге уәде берді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!