Катар Қазақстанды "жасыл" тізімге енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Катар Қазақстанды "жасыл" тізімге енгізді, осылайша елге кіруді жеңілдетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстанның Катар Мемлекетіндегі елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Катар Қазақстанды "жасыл" тізімге енгізді, осылайша елге кіруді жеңілдетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстанның Катар Мемлекетіндегі елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңартылған ережеге сәйкес, 11 жасқа дейінгі балалар толық вакцина алған отбасы мүшелерімен бірге болған жағдайда Катарға карантиннен өтпей-ақ бара алады. Ел үкіметі "жасыл" тізімге енген 118 елдің тізімін жариялады.

Катар денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан скриншот, moph.gov.qa

"Біз туристік ұсыныстарымызды кеңейтуді жалғастырамыз және еліміздегі кішкентай балаларды қарсы алуды асыға күтеміз. Күн суытып бастады, сондықтан қазір Катарға бару және қысқы күнде демалу үшін ең қолайлы уақыт", - деді Катар ұлттық туризм кеңесінің бас операциялық директоры Бертольд Тренкель.

Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі елшілігінің мәліметінше, енгізілген жаңа ережелерге сәйкес, Катарға кірерде вакцинаның екі дозасын алған жасыл тізімдегі елдердің азаматтары үшін ПТР-тестін тапсыру міндет емес. Алайда оларға елге келгеннен кейін 36 сағат ішінде тест тапсыру қажеттілігі бекітілген. 4 жасқа дейінгі балалар бұл сынақтан босатылады. Қазақстанда егілетін Sinovac және Sputnik-V вакциналары Катарда ішінара мойындалды.

Аталған вакцинаның екі дозасын алған адамдар алдын ала оң нәтижелі серологиялық антидене сынағын (a positive Serology Antibody test pre-travel) тапсыруға міндетті және оның жарамдылық мерзімі 30 күн болуы тиіс. 

Катар аумағында тұрмайтын азаматтар келу уақытынан кемінде 3 күн бұрын www.ehteraz.gov.qa сайты арқылы алдын ала тіркеуден өтуі қажет. Елге ұшып келген жолаушылар Ehteraz қосымшасын (қазақстандық "Ашық" қосымшасының баламасы) халықаралық SIM-картасымен қоса алады.

2021 жылғы 3 қазаннан бастап Катарда коронавирусқа байланысты енгізілген көптеген шектеу алынды. Атап айтқанда, мемлекеттік және жеке сектордың барлық қызметкері жұмыс орындарына оралды. Ашық қоғамдық орындарда бетперде кию міндетті емес. Театрлар мен кинотеатрларға сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын мөлшерде қызмет көрсетуге рұқсат берілген. Білім беру орталықтары, мұражайлар мен көпшілік кітапханалар жұмысын толық көлемде жандандырды.

Qatar Airways Қазақстанға тұрақты рейстерді 2021 жылдың 15 қазанынан бастап Доха және Алматы қалалары арасында бастауды жоспарлап отыр. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіндегілер рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері А-320 типті әуе кемесінде орындалатынын мәлімдеді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная