Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінде жабайы үйректерді моторлы қайықпен басып өткен ер адамдардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Самал Ыбраева болған жағдайға қатысты агенттік ұстанымын жариялады. Ол мұндай жағдайға жол бермеу керек екенін және олар, әрине, жазалануы тиіс екенін атап өтті.
"Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мән-жайды анықтап, жеке тұлғаларды табу үшін видеоны ІІД-ге жіберді. Бірлесе отырып жеке тұлғаларды жедел анықтап, заң бойынша жазалаймыз деген үміттеміз", - дейді Ыбраева.
Ол жануарларға және жалпы табиғатқа қатысты осындай қатыгез жағдайлардың куәсі болған қазақстандықтарға да үндеу жасады.
"Міндетті түрде камераға түсіріп, бізге жіберіңіз, хабарлаңыз! Менің нөмірім +77017932418. Мұндай жағдайларға бей-жай қарауға болмайды! Табиғатқа деген осындай қарым-қатынасты тек жұмыла жоюға болады!" - деп қорытындылады ол.
Еске салайық, жергілікті балықшылардың жабайы үйректерді моторлы қайықпен қуып, басып өткен видео Желіде пайда болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!