Каспий теңізіндегі жағажайдың бірі қоқыс алаңына айналған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры / lada.kz Видео кадры / lada.kz

Маңғыстау облысының тұрғындары Каспий жағалауындағы ең әдемі жерлердің бірі – "Көгілдір шығанақ" жағажайында жиналған қоқысқа шағымданды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының тұрғындары Каспий жағалауындағы ең әдемі жерлердің бірі – "Көгілдір шығанақ" жағажайында жиналған қоқысқа шағымданды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындар Lada.kz редакциясына жіберген видеодан бүкіл жағалау бос бөтелкеге, қоқыс пакеттеріне және басқа қалдықтарға толғанын көруге болады.

"Көгілдір шығанағы" жағажайы орналасқан Түпқараған ауданының әкімдігі демалыс орнын тазалауға адамдар мен техника жіберілгенін хабарлады.

"Әкімдік аумақты күн сайын тазартады, бірақ жазғы уақытта демалушылардың ағынына байланысты ластану дерегі болады, өйткені барлық демалушы қоқысты өзімен бірге алып кете бермейді", - деп атап өтті әкімдікте.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная