Каспий теңізіндегі ерекше құбылыс ақтаулықтарды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Видеодан алынған Фото: Видеодан алынған

Ақтау тұрғындарын Каспий теңізіндегі ерекше құбылыс таңғалдырды. Олардың айтуынша, су 10 минуттың ішінде жағадан шамамен 70 метрге қайтқан. Куәгерлер мұндай құбылысты ешқашан көрмегенін айтады, - деп хабарлайды InAktau.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтау тұрғындарын Каспий теңізіндегі ерекше құбылыс таңғалдырды. Олардың айтуынша, су 10 минуттың ішінде жағадан шамамен 70 метрге қайтқан. Куәгерлер мұндай құбылысты ешқашан көрмегенін айтады, - деп хабарлайды InAktau.

Сайттағы мәліметке сүйенсек, ерекше құбылыс 21 сәуірде болған.

"Су он минут ішінде қайтып кетті... Мен мұндайды алғаш рет көріп тұрмын... Су шамамен 70 сантиметрге жағадан қайтты", - деді әлеуметтік желілерде таралған видео авторы.

Ер адамның айтуынша, 15 минуттан кейін су қайта толған.

"Мен көрсеткен шағын арал енді жоғалып кетті, су қайта қалпына келді", - деді ер адам видеоның жалғасында.

"Эко Маңғыстау" директоры Кирилл Осин құбылыс желдің соғуына байланысты деп болжаған.

"Бұл құбылыс - су қоймалары жағасындағы су деңгейінің жел әсерінен өзгеруі. Су деңгейіндегі өзгеріс бірнеше метрге жетуі мүмкін. Бізде цунами жоқ, толқындар да жоқ. Мұны тек осылай түсіндіруге болады", - деді ол.

Вooksite.ru сайтының деректері бойынша, су айдыны (теңіз, көл, су қоймасы) жағалауларында құбылыстар жел әсерінен пайда болатын ағындардан туындайды.

"Үйкеліс салдарынан су бетінде қозғалатын ауа суды ығыстырады. Нәтижесінде қалыңдығы бірнеше ондаған метр болатын су қабаты қозғалады.

Теңізден судың көтерілуіне байланысты қатты су тасқыны Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания жағалауларында, Нева, Темза сағаларында болып тұратыны белгілі", - делінген сайтта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная