Каспий теңізінде таңғаларлық оқиға болды. Итбалық суда шомылған екі ер адамға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, каспидегі бұл тіршілік иесінің бойы 120-150 сантиметрге дейін жетуі мүмкін.
Куәгерлер Әзербайжан жағалауында болған оқиғаны видеоға түсіріп, Желіде таратқан. Тіршілік иесінен мұндайды күтпеген ер адамдар бастапқыда оған қарсылық білдірген, алайда суда мекендейтін тіршілік иесі одан ары агрессияға барған. Содан кейін ерлер жағаға қарай малтыған.
Бұл бірінші жағдай емес. Экологтардың айтуынша, бұл өз территориясын қорғау инстинкті екен. Сонымен қатар, жыртқыштың агрессияға берілуіне мекендейтін аймақта балықтың азаюы қатты әсер етеді екен.
Пікір қалдырушылар оқиғаның Баку жағалауында болуы мүмкін екенін айтады, алайда ресми мәлімет жоқ. Зардап шеккендер туралы әзірге ештеңе айтылмаған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!