Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкіметтің қаулысында хабарланды.
Қаулы 13 қарашада қабылданды.
"Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде: "Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс - Млекопитающие" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!