Пхукет көші-қон қызметінің мәліметіне сәйкес Қазақстаннан Пхукетке қараша айының басында 3461 адам ұшып барған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Pattaya Times Telegram-каналында жарияланған мәліметке сәйкес биыл Таиландқа 8 миллионнан аса шетелдік турист барған. Пхукет көші-қон қызметі қарашаның 10 күніне берген есебінде Қазақстаннан Пхукетке 3461 барғанын, осылайша тізімде алтыншы орынға жайғасқанын жазды. Рейтинг басында ресейліктер тұр - 18 370 адам. Үндістаннан Тай еліне 8939 турист барған, ал Малайзиядан 5275 адам барған. Германия - 4152, Ұлыбритания - 4511.
Еске салайық, 1 қазаннан бастап Таиланд туристердің кіруіне қатысты барлық коронавирустық шектеулерді алып тастады. Саяхатшыларға енді вакцинация сертификаттары мен COVID-19 сынақтарының нәтижелерін көрсетудің қажеті жоқ. Жеңіл түрде сырқаттанғандарды оқшаулау да болмайды. Дегенмен, бес күн бойы бетперде тағу, қолды жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады.