Қапшағайда алматылық екі жігіт құтқарылды

Қапшағайда алматылық екі жігіт құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 5 маусымда сағат 18:18-де қалалық жағажайды патрульдеу кезінде 2002 жылғы екі жігіт 40 метр жерге жағалаудан алыс кетіп, қайта жете алмай қалғаны анықталған.

Жастарды Қонаевтың жедел-құтқару жасағы жағаға шығарды. Құтқару операциясына екі қайықтағы төрт құтқарушыдан тұратын топ жұмылдырылды. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет емес.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!