Италиялық басылымдар туристер арасында танымал Капри аралында болған апат туралы жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.
19 жолаушы отырған автобус жолдан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Содан кейін 5 метр төмен қарай құлайды. Салдарынан жүргізуші қаза тапты, жолаушылар түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Құтқарушылар ауыр жарақат алған жолаушыларды тікұшақ арқылы медициналық мекемелерге жеткізді.
Апаттың себебі әлі анықталған жоқ. Қайғылы оқиға Марина Гранде жағажайының жанында болды.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!