Канадада жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Andy_Bay © pixabay.com/Andy_Bay

Астаналық тұрғында Канадада жұмысқа орналастыруға уәде беріп, сол қызметі үшін ақы сұраған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астаналық тұрғында Канадада жұмысқа орналастыруға уәде беріп, сол қызметі үшін ақы сұраған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаментінің Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен алаяқтық жасауға қатысы бар 59 жастағы қала тұрғыны анықталды. Әйел Канадаға жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен елорданың 24 жастағы тұрғынының ақшасын иемденген.

"Күдіктінің сеніміне кіріп, жәбірленушіні басқа елде тұрумен жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін байланыстары мен арналары бар екеніне сендіргені анықталды. Ол өз қызметі үшін жас жігіттен алдын ала 203 мың теңге алған", - делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысында полицейлер оның тағы 6 астаналықтың ақшаларын иемденіп алдағаны белгілі болған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная