"Канада және Ислания емес". Tala Shin Қазақстан табиғатының әсемдігін көрсететін вирусты ролик жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан скриншот видеодан скриншот

Tala Shin никнеймімен танымал қазақстандық видеограф Талғат Бекмағамбетов жаңа видеосында еліміздің көрікті жерлерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Tala Shin никнеймімен танымал қазақстандық видеограф Талғат Бекмағамбетов жаңа видеосында еліміздің көрікті жерлерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Бұл Қазақстан, бірақ..." деп басталатын видео әлеуметтік желіде вирусқа айналды. Бір тәулікте видео 366 мың рет қаралып, 20 мыңнан аса лайк жинаған. Видеоның екі нұсқасы бар, біріншісі - қазақ тілінде болса, екіншісі ағылшын тілінде. Ағылшын тіліндегі нұсқасы демалыс күндері екі миллионнан аса қаралым жинаған. Өз аккаунтында Талғат видеоның сипаттамасында былай деп жазды: "Қазақстанымыздың бүкіл әлемге қаншалықты әдемі, ғажап екенін, байтақ жерлерге бай екенін көрсетейік!".

"Видео түсіріліміне бір жарым жылдан аса уақыт кетті. Мұны облыстарға сапарлар барысында түсірдім. Бұл идеяны бір оқырманым ұсынды, ол маған осыған ұқсас Пәкістан туралы видеоны жіберді. Сол видеоны көре салысымен монтажға кірістім. Монтажға тура үш сағат уақыт жұмсадым: сенбіде таңғы 8:30-да бастап, 11:30-да Желіге жүктедім. Әрбір локацияның өз ерекшелігі бар, алайда мен біздің көрікті жерлерімізді шетелдік танымал локациялармен салыстырғанда мақтанамын. Шетелдіктер біздің елде бұрын-соңды болмаған жағдайда, сол мекенді салыстыру арқылы мәліметке ие болады. Сосын мен әрдайым "Бізде әдемірек" деп айтамын", - дейді видео авторы Талғат Бекмағамбетов.

Видеоны Instagram желісінде мыңдаған оқырманы бар аккаунттар мен пабликтер жариялады. Осыған қатысты автор біреудің еңбегін бағалауды өтінді.

"Видеоны пайдалану туралы айтар болсақ, әрине өкінішті, бізде сол баяғы көреалмаушылық әлі де бар. Атақты, танымал адамдар қолдаудың орнына, видеоны өз аккаунтына салып, белгілеуді ойламайды да. Өкінішке орай, Қазақстаннан шықпай танымал бола алмайсың, мұнда сені мойындамайды, Димаш, Иманбек, Данелялар нағыз мысал. Шын-жүректен тек қарапайым адамдар қолдайды, сол үшін де оларға мың алғыс! Біреудің еңбегін құрметтейтін күнге де жетерміз", - дейді Tala Shin.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Talgat Bekmagambetov I Tala Shin (@talashin)

Талғат әлем бойынша және Қазақстан ішінде өзінің сүйікті локациялары туралы айтты.

"Швейцарияға теңеу идеясы маған ұнайды, біздің Швейцария бұл - ШҚО, Қатонқарағай - менік сүйікті мекенім. 2020 жылы ата-анаммен алғаш рет бардым, сол аймаққа ғашық болдым, содан кейін маусымында бірнеше рет барып тұрамын. Сонымен қатар, Рахманов қайнары, Қайыңды, Бозжыра және жұлдызды аспанды тамашалауға таптырмас орын - Вячеслав суқоймасы. Әлем бойынша: Бали, Каппадокия, Куала-Лумпур", - деп түйіндеді ол.

Tala Shin видеосындағы локациялар:

  • Иордания емес, Бозжыра, Батыс Қазақстан;
  • Бразилия емес, Марқакөл, Шығыс Қазақстан;
  • Дубай емес, Алтынемел ұлттық паркі;
  • Кения емес, Ақтау, Батыс Қазақстан;
  • Исландия емес, Шығыс Қазақстан облысы;
  • Норвегия емес, Шығыс Қазақстан облысы;
  • Антарктика емес, Арал, Қызылорда облысы;
  • Канада емес, Қатонқараға ұлттық паркі;
  • Америка емес, Ыбықты сай, Батыс Қазақстан;
  • Таиланд емес, Бурабай ұлттық паркі.

Айта кетейік, 2021 жылы Талғат Бекмағамбетов What is Kazakhstan? атты видео жариялаған, ол кезде Reels жүйесі болмағанын және Instagram алгоритімі қиындау болғанын ескерсек, оның еңбегі вирусқа айналып, көптеген жағымды пікір жинаған. Видео 2,1 миллионнан аса қаралым және 90 мыңға жуық лайк жинаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная