Суқоймасы - суды жинау және сақтау үшін салынған жасанды суқоймасы. Әдетте оны жергілікті тұрғындар халық шаруашылығында пайдаланады. Бірақ кейбіреулері сондай көркем болып келеді, олар егістікті суару үшін ғана емес, сонымен қатар, отбасылық демалыс орны ретінде де өте қолайлы. Бүгін Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Қазақстанның ең керемет жеті суқоймасы жайында баянайды.
Шардара суқоймасы - әуесқой балықшыларға таптырмас орын
Шардара суқоймасы - Қазақстандағы аумағы жағынан үшінші орындағы суқойма. Туристер бұл суқойманың 40 шақырымға созылатын құмды жағалауын тамашалай алады. Шардара көлі (жергілікті тұрғындар айтқандай, Шардара теңізі) шөлді аймақта орналасқан, сондықтан да бұл жерді халық "алтын жағажай" деп атайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Шөлді көруді армандадым. Бұл шөлдің өзі емес, ол осы жерден бастау алады. Ал бұл жерде құмды толқындар, құмтөбелер бар. Түнде әртүрлі құрттар, бұзаубас қоңыздар, жыландар мен кесірткелер жорғалайды. Бұл жерде аспан көрінісі ғарышпен тең! Ал күн батарда барлығы алтын түске боялады. Мұнда түйелі керуендер жүреді, ал көлдің суы өте таза әрі жылы. Алған әсерім керемет, әсіресе бұл жерлерге көлікпен жеткендегі. Техасқа барып қайтқандай сезіндім", - деп жазады саяхатшылардың бірі өз парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Туристерге әртүрлі ұсыныстар бар: мейрамханалары мен саунасы бар демалыс орталықтары, қонақүйлері, сондай-ақ, барлық жағдай жасалған коттедж үйлер. Жаппалар, үйлері және шезлонгтары бар әдеттегі аймақтардан басқа, мұнда балық аулау турына да тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Қай жерде түнеу және қандай шарттары барын осы жерден табуға болады.
Көксарай суқоймасындағы экотуризм
Дәл осы жерде, Шардарадан 160 шақырым жерде Түркістан облысында Көксарай суқоймасы құшақ жая қарсы алады. Көптеген адамдар бұл жерге демалыс күндері табиғатты тамашалау үшін келеді. Жергілікті аймақ экотуризм әуесқойлары үшін өте қолайлы: шатырда түнеу, отқа тамақ пісіру, жергілікті тұрғындармен әңгімелесу және сирек кездесетін құс түрлерін көруге болатын жағалау сызығымен серуендеу т.б.
Көксарай көлі - әлемнің түкпір-түкпірінен табиғат зерттеушілерін тартатын құстарды бақылауға арналған ерекше орын. Мұнда жыл құстары мен су құстары мекендейді: тырнақұтан, қызғылт және бұйра бірқазандар, суқұзғындары мен құтандар, лашындар, аққұйрық субүркіттер, бозторғай және т.б.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қапшағай су қоймасы. Барлығына арналған ойын-сауық бар
Қазақстандағы ең ірі суқоймаларының бірі: ұзындығы 180 шақырым, ені 22. Қазіргі уақытта бұл Алматы облысындағы адамдар ең көп келетін жазғы демалыс орны.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл суқоймасының жағалары "алтын құмдар" деп аталады, бұл кездейсоқ емес, өйткені бұл көл жартылай шөлейт аймақта, ақ сексеуіл өскен жартастар, төбелер мен талдар арасында, Алматы қорығы мен Алтын-Емел ұлттық табиғи саябағы арасында орналасқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Демалыс бағасы бір адамға 3000 теңгеден 20000 теңгеге дейін болады. Бұл түнеу орны, лагерьдегі шатыр немесе үлкен аумақты қонақүйдегі бөлме болуы мүмкін. Қапшағай суқоймасында суға шомылу маусымы мамыр айында, күн ысығанда басталады. Судың температурасы шілде-тамыз айларында ең жоғары шегіне жетіп, 28 градусқа дейін көтеріледі. Суы жылы және мөлдір. Қыс мезгілінде ауа температурасы минус 2 градусқа дейін төмендеп, суқоймасы қатып қалады. Осы кезеңде сіз мұнда жақсы уақыт өткізе аласыз: коньки тебу, қар көлігі, шаңғы тебу және балық аулау.
Вячеславский суқоймасында қаланың қарбаласынан демалуға болады
Суқоймасы Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы Нұр-Сұлтан маңындағы ең әдемі жерлердің бірі болып саналады. Бұл жердің жабайы айналасы қаланың қарбаласын ұмытуға және тыныш демалыстан ләззат алуға көмектеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Белсенді ойын-сауық әуесқойлары үшін бұл жерде жүзуге және тыныш су бетін тамашалауға болатын жартасты және құмды жағажайлар ашылады. Суқоймасы қалаға жақын орналасқандықтан, таңертең келіп, кешке қайтуға болады. Егер сіз асықпай, демалыс мерзімін ұзартуды шешсеңіз, онда сізге қолайлы демалыс үйлері ұсынылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бағасы тапсырысқа байланысты өзгеруі мүмкін. Археологтардың айтуынша, шығыс сауда керуендері Нұр-Сұлтан аумағы арқылы өткен, ал Вячеслав суқоймасының астында әлі де зерттелмеген қорғандар мен көне қоныстар көп, сондықтан тарих үшін ең маңызды жәдігерлер шығуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандағы ең үлкен суқоймасы
Бұқтырма суқоймасы - ауданы бойынша әлемдегі ең ірі 10 жасанды суқоймаларының бірі, аумағы 5490 шаршы шақырым. Осы фактінің арқасында тұрғындар оны теңіз деп атайды. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан суқоймасы далалардан, шөлейттерен, ескі ағаштар өскен жасыл төбелерден тұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жағалауда туристер үшін 20-дан астам демалыс орталықтары ашылған, мұнда сіз жасыл төбелермен көмкерілген көгілдір кеңістік көрінетін бөлмелерді жалға ала аласыз, қайықты жалға алуға болады және барбекю ұйымдастыра аласыз. Алуан түрлі өсімдікке бай, құмды жағажайлары мен табиғаты бұл жерге үлкен артықшылық беріп қана қоймайды, сонымен қатар, арақашықтығы қаладан небары 180 шақырымды құрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол жерге автобуспен, таксимен, ұшақпен және тіпті пойызбен жетуге болады. Бағалары да әртүрлі - 1500 теңгеден 20 000 теңгеге дейін. Қыста сізге шанамен сырғанау, коньки тебу, экстремалды сырғанау, қарда жүретін көліктер, сонымен қатар, шаңғыға арналған тегіс жол ұсынылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сергеевск суқоймасы - қыста демалуды ұнататындар үшін таптырмас орын
Бұл суқоймасы Қазақстанның солтүстік бөлігінде Есіл өзенінің бойында орналасқан. Ол 1969 жылы құрылған, жағалау сызығының ұзындығы 246 шақырымды құрайды. Бұл аймақтың демалыс орындары қыста туристерді тартпай қоймайды, өйткені демалыс орталықтарының инфрақұрылымы ұзын шаңғы трассалары, үлкен сырғанау алаңы және жылқыларды жалға беруі бар орасан зор аумақты қамтиды. Суықта ашық ауада демалуды ұнататындар бұл жерлерді жақсы көреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жазда ойын-сауықтың стандартты түрлері бар: бассейндер, катамарандар, қайықтар, сондай-ақ, спорт алаңдары. Түнеу құны бір адамға - 3000 теңге, 25 адамға арналған үй 30 мың теңге болады.
Кеңгір суқоймасындағы жабайы жағажайлар
Басқа суқоймаларымен салыстырғанда Кеңгір өте кішкентай - ұзындығы 33 шақырым, ені бір жарым шақырым. Ол Жезқазған қаласына жақын жерде, іс жүзінде осы шағын қалашықты қоршап тұр. Кеңгір суқоймасында Қазақстанда жабайы жағажайлар көп дейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бюджеттік демалыс үшін тамаша орын: пойызға билет, шатыр және қажетті заттарды алу. Мұнда жөнделген жағажайлар аз, ал қонақтарға ашық жағажайлар бар болғаны үш жүз теңгеге шезлонг, қолшатыр мен катамарандар ұсынады. Біз бұл жердің сұлулығын сөзбен жеткізе алмаймыз, тек өз көзімен көріп, әсерімен бөлісуге шақырамыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қаратамар суқоймасы
Бұл Қостанайдан 70 шақырым жерде, қайыңды-қарағайлы орманда орналасқан, жергілікті тұрғындардың сүйікті демалыс орны. Жолға бар болғаны жарты сағат кетеді, сіз таза ауада демалып, жасыл желекке тамсанып, суды тамашалай аласыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қаратамарда үлкен топпен, отбасыңызбен немесе жалғыз киіз үйлерде, жай үйлерде демалуға немесе отыратын жерді жалға алып, барбекю кешін өткізуге, футбол немесе волейбол ойнауға болады, мұнда спорт алаңдары бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бағасы бір адамға - үш мың теңге. Суқоймасы еліміздің солтүстігінде орналасқандықтан, қыста мұнда мұзды шұңқырға сүңгу, шаңғы тебу, коньки тебу және шана тебу кең таралған.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.
Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.