Жылдамдық және технология: Aviata өз клиенттерінің уақытын қалай үнемдейді

Әлемдегі технология жедел дамып, өзгеріп отырады және әр саяхатшы сапарын тез, ыңғайлы және қауіпсіз жоспарлағысы келеді. Қазақстандық онлайн-брондау және әуе, теміржол билеттерін сатып алу нарығының көшбасшысы Aviata.kz командасы қолданушыларға әуебилетін тезірек таңдауға және сатып алуға көмектесетін технологиялық шешімдерді әзірледі. Сонымен қатар, компания пайдаланушыларға көбірек бағыт пен ауысып отыруды ескере отырып, ыңғайлы маршрутты автоматты түрде таңдау мүмкіндігін ұсына бастады.

Іздеу жылдамдығы

Aviata.kz көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша үнемі жұмыс істейді және қызмет көрсету жылдамдығын арттыру арқылы клиенттердің уақытын үнемдеу - команда жұмысының маңызды бөлігі. Бүгінгі таңда сервистің билет іздеу жылдамдығы рекорд көрсеткіштерге жетті. Танымал ішкі және халықаралық бағыттардағы әуе бағытын іздеу 1 секундқа жетуі мүмкін.

Сервис командасының келесі қадамы бағаларды есте сақтауға және оларды жақын арадағы іздеу нәтижелерінде алдын ала көрсетуге мүмкіндік беретін техникалық шешімді әзірлеу болды. Мұндай әзірлеудің алғашқы нұсқасы 2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс істей бастады. Бұл қалаған бағытты іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.

Әуе билеттерінің кең таңдауы

Aviata.kz басты ерекшелігі - ұшу нұсқаларының кең таңдауы. Бұл клиенттерге бүкіл әлем бойынша ұшудың әртүрлі нұсқасын табуға мүмкіндік беретін Amadeus, Sabre, HititCS және басқа бірнеше техникалық серіктестермен ынтымақтастық арқылы мүмкін болды. Сервис GDS-жүйелермен, әуебилеттерінің (контенттердің) шағын жеткізушілерімен, әлемдік нарықтардың ірі ойыншыларымен, еуропалық Мета-іздеушілермен және лоукост-әуекомпаниялармен ынтымақтастық жасайды, осылайша, клиенттерге жақсы бағамен ұшулардың көп нұсқасын ұсынады.

"Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі - клиенттің қалаған ұшу жолын барынша жеңілдету. Біздің сервис клиентке ұшулар үшін ең оңтайлы опцияларды таңдауға көмектеседі, клиенттерді түрлі дереккөздегі нұсқаларды қолмен салыстыру қажеттілігінен құтқарады және сонымен қатар нәтижені бір секунд ішінде ғана алуға мүмкіндік береді", - деді қазақстандық Aviata әуе және т/ж билеттерін онлайн-брондау және сатып алу сервисін дамыту жөніндегі директор Қанат Ақбаев.

Соңғы 3 жылда Aviata әуебилеттерін жеткізушілердің саны 5 есе көбейді. Бұл қолжетімді ұсыныстар санын арттырды. Ал әртүрлі авиакомпанияның ұшуларын біріктіру бойынша сервистің өзіндік әзірлемелерінің арқасында әуеконтент көлемі геометриялық прогрессиямен ұлғаяды.

Технология

Aviata сервисі өз клиенттеріне құрамдастырылған ұшулар опциясын ұсынады:

"Бару-қайту" форматындағы әуебилеттер, онда сервис әртүрлі әуекомпанияның екі рейсін біріктіреді. Мысалы, "бару" бағыты бойынша ұшуды "Әуекомпания 1", ал "қайту" бағыты бойынша ұшуды "Әуекомпания 2" жүзеге асырады. Бұл клиент үшін маршрутты уақыт бойынша арзан әрі ыңғайлы етеді. "Бару-қайту" маршруттарының 38 және одан көп пайызы құрамдастырылған маршруттар есебінен алынған Aviata меншікті әуеконтенті.

SMART бағыттар. Бұл опция клиентке әртүрлі әуекомпанияның екі рейсін қосу нәтижесінде сервис жасаған ұшу нұсқасын пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, Алматыдан Мюнхенге Ыстамбұл мен Франкфуртқа ауысып ұшу арқылы Aviata мынадай нұсқада ұсына алады: клиентке Алматыдан Ыстамбұлға дейін және Ыстамбұлдан Майндағы Франкфуртқа дейін "Әуекомпания 1", ал Франкфурттан Мюнхенге дейін "Әуекомпания 2" арқылы ұшу мүмкіндігін беру.

Aviata туралы

Aviata әуе және теміржол билеттерін онлайн-брондау мен сатып алудың қазақстандық сервисі 2013 жылдың 9 шілдесінде құрылды. 2014 жылы компания Android және IOS үшін алғашқы Avito мобильді қосымшасын іске қосты.

2016 жылы компания Қазақстандағы әуебилеттерді онлайн сатудың агенттік нарығының 30 пайыз жуығын иеленді. 2018 жылғы ақпанда Chocofamily Holding компанияның 53 пайызын сатып алды, ал 2019 жылы Aviata және Chocotravel Біріккен компаниясындағы өз үлесін 100 пайызға дейін арттырды, ол Қазақстандағы әуебилеттерді онлайн-сатудың агенттік нарығының 70 пайызын иеленді.

2019 жылы Aviata әуебилеттерді және метапоиск сатып алудың онлайн-сервисінің функцияларын - билеттерді тек Aviata-дан ғана емес, сондай-ақ әуекомпаниялар мен басқа да онлайн-агенттіктердің сайттарынан табу және сатып алу мүмкіндігін үйлестіретін ТМД-дағы алғашқы гибридтік сервис болды.

Бүгінгі таңда Aviata пайдаланушыларға 1000-нан астам әуекомпаниялардың билеттерін табуға мүмкіндік береді. Компания ай сайын ұшақтар мен пойыздарға 400 000-нан аса билет сатады.